"Нашақорлық. Жауапкершілік. Болашақ." медиадәрісі.

25.12.2024

Бүгін «Ж.Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылық колледжінің» әлеуметтік педагогы С.Г. Коновалова ұйымдастырған "Нашақорлық. Жауапкершілік. Болашақ." атты алғашқы медиадәріс өтті. Іс-шара барысында ол нашақорлықтың зияны мен оның жағымсыз салдары туралы баяндады. Қатысушыларға Қазақстанда нашақорлықтың қалай таралатыны туралы мазмұнды заманауи бейнеролик және адамның ағзасына есірткінің зиянды әсері жайында қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Бұл алдын алу шарасы зиянды заттарды қолданудың алдын алуға бағытталған, ол жастардың құндылықтар жүйесін қалыптастыруға, жеке тұлғаның құлдырауына жол бермеуге және болашақта нашақорлыққа дұрыс көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді. Біз жасөспірімдер арасында өткізілетін осындай алдын алу іс-шаралары міндетті түрде тежеуші факторға айналып, есірткіге әуестенетін жастардың санын азайтады деп үміттенеміз. https://youtu.be/7Oq2wHRUKAE



Текст
Виртуальная приемная